Фото: pixabay

Қазгидромет еліміз бойынша 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптасады. Бұл ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді.

Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанып отыр. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

​​​​​​​Республика бойынша тұман болады. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!