Фото: Видеодан скриншот

Қостанай облысында тағы 59 адам құтқарылып эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Оқыс оқиға Денисов ауданында Қарабұтақ-Қостанай автожолында болған. Техникалық жарамсыз автобустың салдарынан 59 адам қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап, Денисовка ауылына жеткізді.

— Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ ауа райын бақылап, қолайсыз жағдайларда ұзақ сапарларға шықпауға ескертеді, — делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Маңғыстау облысында ТЖМ құтқарушылары 29 жүк көлігін қар құрсауынан алып шықты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!