Синоптиктер ертең, 9 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. 

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Шымкентте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман.

Астанада тұман түседі.

Ұлытау облысында қар жауады. Түнде облыста, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. 

Ақмола облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысыныңоңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысында түнде қар, күндіз облыстың шығысында қар күтіледі. Түнде облыста, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. 

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман.

Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні15-20 м/с.

Алматы облысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, облыстың және Алматы қ. таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!