4 қараша күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады деп болжанып отыр: солтүстік және орталық облыстарда қар жауып, бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, тұман түседі. Кей жерлерде қатты жауын-шашын және секундына 20 метрге дейін жететін екпінді жел соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар жауады, бұрқасындатып, көктайғақ болады. Солтүстіктен 9–14 м/с жел соғады, кейде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы  түнде және күндіз –8…–10°C.

Ақмола облысында қар жауып, бұрқасындатып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Солтүстіктен 9–14 м/с жел соғады, кей уақытта екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –8…–13°C, күндіз –6…–11°C.

Алматы облысында түнде батыс пен орталықта жаңбыр жауады, таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз жаңбыр, тауда жауын-шашын күшейеді. Батыстан 9–14 м/с жел соғады, солтүстік пен шығыста екпіні 17–22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0…+5°C, тауда –3…–8°C, күндіз +3…+8°C, тауда 0…–5°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 3–8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз +5…+7°C, күннің екінші жартысында күн салқындайды.

Жетісу облысында қар аралас жаңбыр жауады, оңтүстікте және тауда жауын-шашын күшейеді, тұман түседі. Батыс және солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады, кейде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +3…+8°C, солтүстік пен тауда шамамен 0°C.

Түркістан облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –2…–7°C, оңтүстікте шамамен +2°C, күндіз +3…+8°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі. Батыстан және солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады, екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +3…+5°C.

Батыс Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде –4…+1°C, күндіз +3…+8°C.

Атырау облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1…+6°C, солтүстік-шығыста –2°C, күндіз +6…+11°C.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1…+6°C, солтүстік-шығыста –9°C, күндіз –3…+2°C, батыста +5°C.

Ақтөбе облысында түнде шығыс пен оңтүстікте қар жауып, бұрқасындатып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Солтүстіктен 9–14 м/с жел соғады, кейде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –10…–15°C, оңтүстікте –5°C, күндіз –2…–7°C, солтүстікте –10°C.

Қостанай облысында түнде шығыс пен оңтүстікте қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Солтүстіктен 15–20 м/с жел соғады, кейде екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –10…–15°C, күндіз –5…–10°C.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасындатып, көктайғақ болады. Солтүстіктен 9–14 м/с жел соғады, кейде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз –3…–8°C, оңтүстікте +2°C.

Павлодар облысында қар жауып, бұрқасындатып, көктайғақ болады, күндіз солтүстік пен шығыста қар күшейеді. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен 9–14 м/с жел соғады, кейде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз –2…–7°C, солтүстікте –10°C, оңтүстікте +3°C.

Қарағанды облысында солтүстік пен шығыста қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен 9–14 м/с жел соғады, кейде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…–5°C, солтүстікте –8°C.

Ұлытау облысында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, кейде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1…+6°C, солтүстік пен шығыста –3°C, күндіз +5…+10°C, шығыста +2°C.

Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады, кей жерде көктайғақ болып,тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан 9–14 м/с жел соғады, кейде екпіні 20–23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1…+6°C, батыс пен шығыста –2°C, күндіз +6…+11°C, батыста +2°C.

Абай облысында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, кейде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –2…+3°C, солтүстікте –5°C, күндіз +1…+6°C.

Қызылорда облысында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +2…+4°C.

Жамбыл облысында қар аралас жаңбыр жауады, таулы аудандарда қар жауады, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, кейде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1…+6°C, тауда –4°C, күндіз +3…+8°C, тауда –1°C.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!