Қаржы мониторингі агенттігінің басшысы Жанат Элиманов президентке биылғы 10 айда атқарған жұмысы туралы есеп берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сөзіне сүйеніп.

Элимановтың сөзінше, агенттік биыл 25 қаржы пирамидасын жойып, оларға алданғандарға 8,3 миллиард теңгені қайтарған, осы тектес ұйымдарға қатысты 8,8 мың сайт бұғатталған. 

“Президенттің тапсырмасын орындау үшін қаржылық барлау қызметі есірткі сатып жүрген 15 интернет дүкенді әшкереледі. Олардың жалпы сауда айналымы – 4,4 миллиард теңге. Дүкендер 27 мыңнан аса азаматқа есірткі сатқан. Бұл материалдар Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жолданды”, – дейді Ақорда. 

Одан бөлек, цифрлық активтерді пайдалана отырып, қылмыстық жолмен тапқан кірісті заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес аясында агенттік Binance ірі халықаралық криптобиржасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!