Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атом электр стансасын салу бойынша референдумда дауыс берді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Бүгін – тарихи күн. Халқымыз АЭС құрылысы бойынша дауыс береді, маңызды мәселе. Бүгін халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкілікті байламы сондай болады», – деді Мемлекет басшысы дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

АЭС
Фото: Б. Уәлидің facebook парақшасынан

Сонымен қатар БАҚ өкілдері Президенттен референдумнан қандай нәтиже күтетінін сұраған еді.

«Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде дұрыс айттыңыз, бүгін – тағдыршешті оқиға. Келешекте осындай оқиғалар неғұрлым көп болса, біздің халқымыз үшін, еліміз үшін жақсы болады деп ойлаймын. Себебі  халқымыз осындай өте маңызды мәселелер бойынша дауыс береді. Сондықтан референдумды қолдаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр стансасын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!