Фото: elements.envato.com
Синоптиктер Астана және еліміздің 16 облысының тұрғындарына қатты жел мен жоғары өрт қаупі туралы ескерту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана – жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метр.
Ұлытау облысы – облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында өрт қаупі жоғары.
Қарағанды облысы – Қарағанды облысының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы – батыста, оңтүстікте, таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Облыстың көп бөлігінде төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы – оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Облыстың көп бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы – оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз секундына 15-20 метр, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 23 метр.
Ақмола облысы – түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 23 метр.
Атырау облысы – облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысы – жел шығыс, оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз батыста, облыстың орталығында секундына 15-18 метр. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы – батыста, оңтүстікте, облыстың орталығында өрт қаупі жоғары.
Павлодар облысы – оңтүстік-батыстан жел соғады деп күтіледі, күндіз батыста, солтүстікте секундына 15-20 метр.
Қызылорда облысы – облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.
Жетісу облысы – облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз Алакөл көлдері ауданында секундына 23-28 метр. 22-24 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы – оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады, облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы – түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Оңтүстікте, облыстың орталығында өрт қаупі жоғары болады.
Маңғыстау облысы – төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысы – түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. 22-23 қыркүйекте күндіз облыстың таулы аймақтарында найзағай ойнайды. 22-23 қыркүйекте жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. 22-23 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!