Қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу және заң аясында бақылауды күшейту мақсатында Қызылорда облысының жергілікті полиция қызметімен бірлескен іс-шаралар жүргізілді.
Іс-шараға Көліктегі Полиция департаменті Қызылорда ст.ЖПб бастығы полиция полковнигі Д.Мақсұтов, Қызылорда ст.ЖПб бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Б.Жұмаділда, Қызылорда ст.ЖПб ӘПб қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаты И.Басықараев, жастар қозғалысының өкілдері мен «Жастар Рухы» Жастар қанатының еріктілері қатысты.
Профилактикалық жұмыс аясында адамдар көп шоғырланған «Қызылорда теміржол» аумағында тұрғындар мен жолаушыларға көшелер мен басқа мәдени орындарда қоғамдық тәртіптің сақталуы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, вандализм, мүлікті бүлдіруге жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Біз қалайтын қоғам – тәртіп пен заңға бағынған өркениетті, қауіпсіз қоғам болуы тиіс. Бұл шараның басты ерекшелігі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына қоғам өкілдерінің жұмылдырылуы. Осыған орай жыл соңына дейін созылатын шара барысында өңірлік депутаттар, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері мен блогерлер күн сайын полиция қызметкерлерімен бірге патрульдеу, профилактикалық жұмыстарын жүргізетін болады», – деді «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық төрағасы Ә.Баймұрза.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!