Коллаж Qaz365.kz

Мәжіліс кулуарында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова бір газетті ауданнан ауылға жеткізу құны қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ауданнан ауылға газетті жеткізу құны 17 теңге ғана тұрады.  Осы себепті біз жалақыны да көтере алмаймыз. Газеттің бағасы сол газетті шығару үшін ғана керек. Жыл сайын жанармайдың бағасы 20 пайызға өсіп жатыр. Жыл сайын жалқыны да көтеру керек. Шығынымыз 30 пайызға өсіп жатыр. Ал тарифтер 2017 жылдан бері қарастырылмаған. 10 млрд теңге зиян келтіріп тұр. Газет-журналдардың жағдайын ойласақ, тарифті көтеруіміз керек, – дейді ол.

Оның айтуынша, басылымдарды уақтылы өңірлерге жеткізу үшін 10 млрд теңге керек. Яғни бір ауылға екі газетті жеткізу үшін бір көлік жіберуге тура келеді. «Қазпошта тарапы» тиісті өтінімді жауапты ведомстволарға берген. Жауап күтіп отыр.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте Пошта туралы заң жобасы қаралды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!