Әлемге әйгілі Apple корпорациясының басшылық қызметіне Қазақстан азаматы тағайындалды. Әділхан Қопабаев Орталық Азия мен Армения аймағының жұмыс барысына жетекшілік етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылдың 15 қаңтарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев өзінің Facebook парақшасында жазды:

«Біздің отандасымыз, Apple компаниясында жетекші қызметке тағайындалғанын хабарлауға қуаныштымын! Бұл жаңа кезең оған көптеген жетістіктер мен кәсіби өсу әкелсін!»

Кейінірек бұл ақпаратты Қопабаевтың өзі Insragram парақшасында растады.

Алғашқылардың бірі болып ізгі тілегін «Президент» арнайы жобасының авторы Әділ Балтабаев білдірді.

«Бауырым, сен үшін қуаныштымын»,- деп жазды ол.

Әділхан Қопабаев 1995 жылғы 9 шілдеде Ақтөбеде дүниеге келген.

Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технологиялар институтында, АҚШ-тағы Браун университетінде білім алған. Рокфеллер қоры тағайындайтын стипендияның иегері.

Еңбек жолын Оңтүстік Кореядағы және Қытайда компаниялардан бастаған. Кейін еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесші болған, Ұлттық банкте, премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеген. Сондай-ақ Энергетика министрлігіне қарасты «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның бас директоры, «Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» басқармасының төрағасы болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!