Әлемде 10 жылда бір рет болған құрғақшылық бүгінде 1,9 есеге артып отыр. Әрине су тапшылығы әлемдік экономикаға орасан зор шығын әкелетіні сөзсіз. Бұл мәселеге біздің отандық ғалымдар да бейжfй қарамайды. Өйткені су тапшылығы 2030 жылға қарай әлемдегі ең күрделі мәселелердің үштігіне қалып қоюы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғалымдары атмосфераға теріс зарядты иондарды жіберіп, ашық аспанға будақ бұлттарды жинауға болатын технологияны ұсынды. Нәтижесінде жаңбырды қажетті мөлшерде жауғызып, климатты реттеуге мүмкіндік туады.
Қазір су тапшылығы мен құрғақшылықты жоятын инновациялық технология сынақтан өтіп жатыр. Мұндай технологиялар бүгінде Иран, Пәкістан сынды мемлекеттердің шөлейтті аймағында қолданылып отыр.
Жоба авторларының айтуынша, климатты өзгертуге арналған технологиялық қондырғы әлем елдерінде сынақтан сәтті өткен. Иран, Пәкістан сынды мемлекеттердің шөлейтті аймағында мұндай технологиялар қолданылып отыр.
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің профессоры, техника ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нағима Жақыпбекованың айтуынша, бүгінгі күні Армения және Грузия мемлекеттерінің профессор-ғалымдарымен бірлесіп, су көздерін цеолит қоспасымен қайта өңдеу технологиясын енгізу жоспарланып отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!