Қызылорда облысының әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері, ардагерлері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, саяси партиялардың облыстық филиал төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты.

Шара Мемлекеттік Гимнмен басталып, облыс әкімінің бірінші орынбасары ел Президентінің құттықтауын оқыды, барша қатысушыларға ізгі лебізін білдірді.

-1 наурыз – елімізде тыныштық, өзара сенім мен құрметтің орнығуына негіз болған Алғыс айту күні. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 30 жылдық тарихында береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, елдегі татулық пен тұрақтылықтың кепілі болып келеді. Қызылорда облысында 30-дан астам этнос өкілдері өсіп-өніп, Сыр өңірінің дамуына үлес қосуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы 130-дан астам этнос өкілін біріктіріп, жалпыұлттық келісімнің негізін қалады- деді Д.Жаналинов.

Іс-шарада облыстық Ассамблея ардагері Асылбек Жұмабаев және “Ассамблея жастары” ұйымының белсенді мүшесі Бахар Милиярова сөз сөйледі.
Еліміздегі барлық этнос өкілдерінің арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту, мәдени алмасуды қолдау, жастарды ұлттық құндылықтарға баулу аса маңызды. Осы ретте Ассамблея мүшелері өз тәжірибелерін бөлісіп, елдің бірлігін сақтап, оны нығайтуға атсалысуда.

Атаулы күні бірлік пен келісімді нығайтуға үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді. ҚХА белсенділері және жұмысшы мамандық иелері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуы өтті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!