Фото: ҚР Конституциялық Сотының баспасөз қызметі
Азияның конституциялық соттары мен теңестірілген институттары қауымдастығының VI Конгресі аясында Қазақстан мен Моңғолияның конституциялық соттары өзара түсіністік туралы меморандум қабылдады. Бұл туралы ҚР Конституциялық Сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады KAZINFORM.
«Қазақстан мен Моңғолия ұзақ жылдар бойы тығыз ынтымақтастықты қолдап, екіжақты қарым-қатынасты стратегиялық әріптестік деңгейінде сақтап келеді. Конституциялық бақылау органдарының ынтымақтастығы көптеген өзекті және ұқсас конституциялық-құқықтық мәселелермен танысуға ықпал етеді және қазіргі заманғы құқықтық үрдістерді ескере отырып, құқықтық ұстанымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді», — делінген ақпаратта.
ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Меморандумға қол қою құқықтық мемлекеттілікті, конституциялық сот төрелігі, құқық үстемдігі және Қазақстан мен Моңғолиядағы негізгі құқықтарды қорғау қағидаттарын ұстану жолындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру және кеңейту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!