Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Telegram парақшасында мәлім етті.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияда жүр.
Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді.
Оның нәтижесі бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында 14 маңызды құжатқа қол қойылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдады.
Қазақстан мен Түркия Президенттері кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады.
Күннің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!