Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, қар, қатты жел мен жаңбыр жауады деп болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада жаңбыр, қар жауып және қатты жел соғады.
Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысында жел мен шаңды дауыл болады деп болжанып отыр.
Семейде, Қостанайда және Абай облысында екпіні 15-20 м/с қатты жел соғады деп күтіліп отыр.
Талдықорған қаласында, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында 1-3 градус аяз болады.
Көкшетау, Петропавл қалаларында, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр, қар жауып, жел соғады, аяз және тұман күтіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!