«Қазгидромет» қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялабы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада бұлтты болып, қар жауады, желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Ауа температурасы – түнде -9…-11°C, күндіз -5…-7°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауып, қар жауады, желдің жылдамдығы – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз +1…+3°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы – 5-10 м/с. Ауа температурасы – түнде 0…-2°C, күндіз +3…+5°C.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +7…+9°C болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, көктайғақ, желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -1…+1°C болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 7-12 м/с, екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +3…+5°C болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -5…-7°C болады.

Қарағандыда бұлтты болып, қар жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы – түнде -5…-7°С, күндіз -3…-5°С.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы – 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы – түнде -8…-10°С, күндіз -5…-7°С.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жаңбыр арвлас қар жауады, жел – 9-14 м/с. Ауа температурасы – түнде -2…-4°C, күндіз 0…+2°C.

Қостанайда бұлтты, қар жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -5…-7°C болады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы – 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз 0…-2°C болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Ауа температурасы – түнде -7…-9°C, күндіз -3…-5°C.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с, екпіні – 23 м/с жетеді. Ауа температурасы – түнде және күндіз -8…-10°C.

Семейде көшпелі бұлт шығады, көктайғақ, желдің жылдамдығы – 5-10 м/с, екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы – түнде -5…-7°C, күндіз -1…+1°C.

Талдықорған қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы – 2-7 м/с. Ауа температурасы – түнде -4…-6°C, күндіз +1…+3°C.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с жетеді. Ауа температурасы – түнде 0…-2°C, күндіз +3…+5°C.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр аралас қар жауады, желдің жылдамдығы – 8-13 м/с. Ауа температурасы – түнде 0…-2°C, күндіз +2…+4°C.

Оралда көшпелі бұлтты, бұрқасын, желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні – 18 м/с. Ауа температурасы – түнде -5…-7°C, күндіз 0…+2°C.

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы – 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы – түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!