Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтауда найзағай күтіледі.
Астанада найзағай, бұршақ, дауыл және секундына 23 метрге дейін жететін жел болжанып отыр.
Қарағанды және Түркістан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын жел және өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қостанай қаласы мен Қостанай облысынданайзағай, бұршақ, дауыл, күшті жел және өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент, Түркістан және Жезқазған қалаларында да өрт қаупі өте жоғары күйінде қалып отыр.
Талдықорған қаласында, Ұлытау және Жетісу облыстарында найзағай, жел, 35 градусқа дейінгі аптап ыстық және өрт қаупі болжанып отыр.
Атырау, Орал қалаларында, Маңғыстау, Алматы, Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында найзағай, күшті жел және жоғары өрт қаупі күтіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!