Синоптиктердің болжауынша, 29 маусымда Қазақстан өңірлерінің басым бөлігінде көшпелі бұлт шығады, бірқатар облыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қалалар бойынша ауа райы болжамы

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +20…+22. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +22…+24. Батыстан, солтүстік-батыстан 7–12м/с жел соғады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33. Солтүстік-батыстан 3–8 м/с жел соғады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +28…+30. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +27…+29. Батыстан, солтүстік-батыстан 2–7 м/с жел соғады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +23…+25. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +20…+22. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с жел соғады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +21…+23. Оңтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +32…+34. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 20 м/с.

Қостанайда күн  бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +23…+25. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +31…+33. Батыстан 8–13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

Павлодарда күндіз көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +26…+28. Оңтүстіктен 9–14 м/с жел соғады.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +22…+24. Шығыстан оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 20 м/с жетеді.

Семейде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +28…+30. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5–10 м/с жел соғады, күндіз екпіні 20 м/с жетеді.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +31…+33. Батыстан 7-12 м/с жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +32…+34. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 20 м/с жетеді.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +32…+34. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +22…+24. Солтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +28…+30. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады, күндіз екпіні 20 м/с жетеді.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +31…+33. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!