Үкіметте мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту шаралары қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жалпы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту 2009 жылдан басталып, кезең-кезеңмен іске асырылып келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 700 мыңға жуық мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 60 пайызы – еңбек жасындағы азаматтар. 26 пайызы – зейнет жасында. Тағы 14 пайызы – балалар. Олардың қоғаммен етене араласуын қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдануда», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкіметтің бүгінгі отырысында. Еңбек министрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мүгедектігі бар азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қосымша шара қабылдауды көздейтін заңға қол қойғанын еске салды. Заңның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тамыз айының соңына дейін 300-ден астам заңға тәуелді актілер өзектендіріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!