28 наурыз сағат 03:42-де Қазақстанның бірнеше аймағында жер сілкінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сейсмикалық станциялар желісі 28 наурызда сағат 03:42-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан. Ол бірнеше аймақта сезіліпті:

  • Меркі – 5 балл;
  • Құлан – 4 балл;
  • Шу – 2 балл;
  • Төле би – 2 балл;
  • Сарыкемер – 2 балл;
  • Тараз қаласы – 2 балл;
  • Қордай – 2 балл;
  • Аса – 2 балл;
  • Мойынқұм – 2 балл;

Қирандылар, дүмпуден зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық қалыпты жұмыс істеп тұр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен аумақтық бөлімшелермен жұмыс кеңесі және видеоконференция өтті.

“Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылап жатыр. Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда әрекет ету үшін дайын. Жамбыл облысында химиялық қауіпті 5 нысан бар. Мамандар оларды тексерді, қауіп жоқ”, – деп толықтырды ТЖМ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!