3 тамызда eGov.kz порталынан ақау шықты. Осыған байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызметін уақытша тоқтатты деп хабарлады turkystan.kz.
Жұмыс қашан қалпына келтірілетіні белгісіз.
«Өкінішке қарай, бұл жүйелер ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысына әсер етеді. Сондықтан Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінде клиенттерді қабылдау уақытша қолжетімсіз. Қолайсыздық үшін клиенттерден кешірім сұраймыз. Жұмыс қалпына келтірілгенде хабарлайтын боламыз, – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметінен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!