aikyn.kz

Болашақ мамандықты таңдау барысында тек талант пен белгілі бір қасиеттерді ғана ойламай, сонымен бірге болашақ еңбекақы сияқты факторды да ескеру қажет. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ең көп төленетін мамандықтардың тізімін ұсынды.

2022 жылы жалақының ең үлкен өсімі көлік, құрылыс және қойма секторында, сондай-ақ қонақүй және мейрамхана бизнесінде байқалды. Ең аз өсім денсаулық сақтау саласына тиесілі.

Қазақстандағы жалақы ең көп төленетін 10 мамандық:

Тау-кен өнеркәсібі: Орташа жалақы – 653 345 теңге; басшылар – 1 218 612 теңге;

Қаржы және сақтандыру қызметі: Орташа жалақы – 560 459 теңге; басшылар – 1 149 550 теңге;

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет: Орташа жалақы – 458 832 теңге; басшылар – 947 686 теңге;

Ақпарат және байланыс саласы: Орташа жалақы – 436 980 теңге; басшылар – 834 312 теңге;

Өнеркәсіптік қызмет: Орташа жалақы – 418 811 теңге; басшылар – 868 644 теңге;

Құрылыс қызметі: Орташа жалақы – 416 940 теңге; басшылар – 931 624 теңге;

Көлік және қойма секторы: Орташа жалақы – 386 787 теңге; басшылар – 635 155 теңге;

Өңдеу өнеркәсібі: Орташа жалақы – 349 930 теңге; басшылар – 807 016 теңге;

Әкімшілік және қосалқы қызмет: Орташа жалақы – 306 465 теңге; басшылар – 982 759 теңге.

Тұру және тамақтандыру қызметтерін қамтамасыз ету: Бұл жерде – орташа жалақы 272 811 теңге.

Дегенмен қызметкерлер ауысыммен жұмыс істейтінін есте ұстаған жөн. Жұмыс уақытының көп болуына қарай жалақы да жоғары болады.

Басқарушылардың жалақысы нарықта бәсекеге қабілетті болып саналады. Осылайша, ай сайынғы төлемдер 925 790 теңге болып отыр.

Сонымен қатар білікті мамандар білімі жоқтарға қарағанда 4 есе көп алады. Сондықтан талапкерлер үшін тәжірибеден бөлек, жоғары білімді болғаны абзал.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша, кеңейтілген топтардың ішінде ең жоғары орташа жалақы басшыларда, ең азы біліктілігі жоқ жұмысшылар арасында 4,1 есе өсті», – дейді Ұлттық статистика бюросының өкілі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!