Елімізде жаңа ипотекалық бағдарламалар іске қосылатын болды. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын», – деді премьер-министр.

Бектенов Қазақстанға мыңдаған білікті жұмысшы қажет екенін айтты.

«Жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан болашақ дағдылар мен құзыреттерді болжау үшін барлық әкімдік мамандықтардың өңірлік атластарын жасауы қажет. Әзірге тек 9 өңірде осындай құжаттар бар», – деді премьер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!