«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі жағдайы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияның мәліметіне сәйкес, бүгінде барлық бағыттағы автожол ашық. Дегенмен, республикалық маңызы бар кейбір тас жолдарда қысқы күтім жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қардан тазарту және тайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары келесі облыстарда жалғасып жатыр:
- Түркістан облысы
- Ақмола облысы
- Қарағанды облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
Компания 12 ақпаннан бастап «Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы (Сырым өткізу бекеті)» автожолының 263-265 шақырымында жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін хабарлады.
Бұл учаскеде көлік айрығын қайта жаңарту жұмыстары басталған. Қазіргі таңда мердігер ұйым жол өткелінің тірек құрылымдарын орнатуға кірісті.
Жүргізушілер үшін негізгі трассаның сол жағында ұзындығы 2,2 км болатын уақытша айналма жол ұйымдастырылды.
Жол қызметтері көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!