Қазақстандық журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан жаппай орамалға оранған блогерлердің әрекетіне таңқалып, тіпті олардың кейбірі бұл үшін ақша алатынын айтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист бұрын әлеуметтік желіде жеке өмірін, сондай-ақ дене бітімдерін мақтан етуді ұнататындардың жаппай хиджаб киіп кеткеніне таңданады.
“Мен өз басым дәстүрлі қазақы исламды ұстанамын. Әр жұма сайын шелпек пісіру Құран бейіттің басында. Қырқынан шығару және тұсау кесер. Біздің өз мәдениетіміз бен дәстүріміз бар. Келесі ұрпаққа жеткізуіміз тиіс тарихымыз бар. Ал, бірнеше он жылдықтан кейін, тіпті жылдардан кейін біздің қазақ әйелдері қара хиджаб киіп жүрсе ше?! Біз осыны қалаймыз ба?”, – дейді Сәтжан желідегі парақшасында.
“Мен мұны неге көтеріп отырмын? Өйткені мен блогерлерден орамал таққаны үшін ақша ұсынылғанын және сомалар өте үлкен екенін естідім. Мені қорқытатын да осы”, – деп жазады журналист.
Оның жазбасы әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсті. Қолданушылардың кейбірі журналистің өзі де оларды жарнамалап жүргенін айтып, неліктен ойын өзгерткенін сұраған.
Айта кетейік, соңғы кездері әлеуметтік желілерде миллиондаған аудиториясы бар қазақстандық жұлдыздар хиджаб киіп, дінге бет бұрғанын ашық көрсетіп жүр. Мысал ретінде 3 миллионға жуық жазылушысы бар Кәмшат Жолдыбаеваны және осындай аудиториясы бар танымал әнші Мөлдір Әуелбекованы келтіруге болады. Әлбетте аты аталған жұлдыздарды ақша үшін хиджаб киді деуге болмайды. Алайда бір уақытта орамалға оранған жұлдыздардың тенденциясы алаңдататыны жасырын емес.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!