Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов жаңа ипотекалық бағдарламалар туралы сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, олардың күн тәртібінде ипотекалық несиелерді қаржыландырудың жеңілдік бағдарламалары қарастырылмаған.
«Ұлттық банктің экономиканы қаржыландыруға қандай да бір қолдау көрсетуге қатыспауын дұрыс деп санайтынымызды және соны қалайтынымызды бірнеше рет айттық. Бұл жеңілдетілген қаржыландырудың барлығы басты мақсатымыз – инфляцияны төмендету және оны төмен деңгейде ұстауға қайшы келеді. Қазақстандықтардың баспана алуына мемлекеттік қолдау болуы керек. Бірақ ол Ұлттық банк есебінен емес, республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілуі керек», – деп жауап берді Ғалымжан Пірматов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!