Фото: Александр Павский/ агентство Kazinform
3 қараша күні еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, артынша ол солтүстік-батысқа ауысады. Екпіні – 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Ал Атырау қаласына түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысында боран күтіліп отыр. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысып, таңғы және күндізгі уақытта 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Көкшетауда мұздақ, күндіз боран күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан күндіз солтүстікке ауысып, 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда оңтүстік-батыстан ұйытқып соғатын жел 15-20 м/с болады деп болжанды. Облыстың оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында өрт қаупі өте жоғары деңгейде, Түркістанда да өте жоғары деңгейде сақталады.
Абай облысында жел шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, батыста, солтүстікте және облыс орталығында сағаттық жылдамдығы – 15-20 м/с, күні бойы 23-28 м/с күшейеді. Семейде жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күні бойы сағаттық жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп күтіліп отыр.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстігіне және шығысына тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батыс, солтүстік және шығыста оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні – 25 м/с. Өскеменде оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және облыстың таулы аймақтарында – 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с-ке жетеді. Тараз қаласына түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығыс бөлігінде көктайғақ күтіледі. Жел таңертең және күндіз батыс пен солтүстікте 15-18 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанайда да көктайғақ болуы ықтимал. Жел солтүстік-шығыс бағытынан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ күтіледі. Жел күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде секундына 15-18 м/с жылдамдықпен күшті жел тұрады.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіліп отыр. Солтүстік пен шығыстағы жел кейде 15-20, сәт сайын 23-28 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 3 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі. Талдықорғанда түнде 1-3 градусқа дейін аяз болады.
Қызылорда облысындағы желдің екпіні – 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталуда, облыстың солтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары болады. Қызылорда қаласында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығыс орталығында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысына, солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, боран, мұз аралас жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында және оңтүстігінде қар жауады. 4 қарашада түнде облыстың шығысы мен оңтүстігіне қар түсіп, боран болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, 3 қарашада солтүстікке ауысады, екпіні – 15-20 м/с. 4 қарашада түнгі уақытта облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. 4 қарашада түнде ауа температурасының күрт төмендеуі, 10-15 градус аяз күтіледі. Петропавлда қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 4 қарашада түнде ауа температурасы 10-12 градус аязға дейін төмендейді.
Ақмола облысында жауын-шашын, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. 4 қарашада түнде қар, көктайғақ, боран күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігіне қар түсіп, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Аталған аймақтың батысына, солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысады. 3 қарашада күндіз аймақтың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с, 4 қараша күні түнде соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз солтүстік, шығыс, оңтүстікте соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. 4 қарашада түнде ауа температурасының күрт төмендеуі күтіліп отыр. Көкшетауда 4 қараша түні ауа температурасының күрт төмендеуі күтіліп отыр, түнде -11-13 градус аяз болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!