Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» ауа райын байланысты жабылған тасжолдарды тізбектеп шықты.
Қарағанды облысы:
2025 жылғы 8 наурыз сағат 22:30-де ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» 788-906 шақырым, Ұлытау облысы шекарасы учаскесі Топар ауылына дейін көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады.
Ұлытау облысы:
2025 жылғы 8 наурыз сағат 22:30-де ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» 756-788 шақырым, Жаңаарқа а. уч. Қарағанды облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады.
Ақтөбе облысы:
«РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
Қызылорда облысы:
«РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін). Жолды 2025 жылғы 9 наурыз сағат 20:00 ашу жоспарланған.
Абай облысы:
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Аягөз қаласы – Жетісу облысының шекарасы).
«Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. бұрылысы «Алматы – Өскемен» автожолынан – Үржар а.).
Жетісу облысы:
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қ. – Абай облысының шекарасы). Жолды 2025 жылғы 9 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!