«Қазгидромет» РМК сәуір айының соңғы күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус аяз.
Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с.
Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең 1-3 градус аяз болады.
Павлодар облысында соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман түседі. Аймақта жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының жекелеген тұстарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде батыста, солтүстікте, оңтүстікте 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с, күндіз оңтүстікте, орталықта 15-20 м/с.
Абай облысында найзағай ойнап, ауа рай құбылмалы болады. Жоғары өрт қаупі күтілуде.
Ақтөбе облысында 3 градус аяз болады, өрт қаупі жоғары, 1-3 градус аяз сақталады.
Атырау облысында қатты жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Аймақта жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел соғады. Аймақта жоғары өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысында 2 градус аяз болады. Соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с жетеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай күтілуде. Облыс аумағында өрт қаупі жоғары болады.
Алматыда өткінші жаңбыр болады.
Жетісу өңірінде найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда бұршақ жауады. Таулы аймақтарда екпіні 15-20, күндіз 24-29 м/с жел соғады, өрт қаупі әлі де жоғары.
Түркістан облысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады.
Шымкентте жел екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Жел екпіні – 15-20 м/с. 1 градус аяз болады. Өрт қаупі әлі де жоғары.
Жамбыл облысында найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Облыста және Тараз қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!