Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты тасжолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» қай өңірлерде тасжолдар жабылғанын мәлім етті.

Ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түріне келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу қойылды:

Абай облысы:

«Өскемен-Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (ШҚО шекарасы – Семей қаласы).

Шығыс Қазақстан облысы:

«Өскемен-Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы).

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Жетісу облысы:

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 124-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысы шекарасынан Талдықорған қаласына дейін) көліктің барлық түріне шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 08:30-да ашу жоспарланған.

Алматы облысы:

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 178-124 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қонаев қаласынан Жетісу облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түріне шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 08:30-да ашу жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысы:

Ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1194-1212 шақырым аралығындағы учаскесінде (Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін) көліктің барлық түріне шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Алматы облысында 10 наурыз сағат 01:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Көкпек – Кеген – Қырғыз Республикасы шекарасы» автожолының 0-72 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көкпек ауылы – Кеген ауылы) көліктің барлық түріне шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!