Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар аймағында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды ​​облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады.

Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарында да жауын-шашын болуы мүмкін.

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола облыстарында жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады.

Батыс Қазақстан облысында қар жауып, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту күшінде қалады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!