Фото: depositphotos.com

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей өңірлерде жауын-шашын, қар алалас жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Батыс пен солтүстікте ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Тек оңтүстік аймақтарда ғана күн ашық әрі жылы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлытау облысы

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 22 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының шығысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 22 қазанда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 22 қазанда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Астана

Түнде және таңертең тұман күтіледі

Атырау облысы

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ: 22 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетау қ.: 22 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Петропавл қ.: 22 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар қ.: 22 қазанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Абай облысы

Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 22 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!