«Қазгидромет» 17 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің көптеген өңірінде қатты ыстық, найзағай, бұршақ және өрт қаупі күтіліп отыр. Ескерту Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар 16 облысты қамтиды.

Астанада күндіз ауа температурасы +35°С дейін ыстық болады.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Көкшетауда да +36°С аптап ыстық болжанып отыр. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз найзағай, бұршақ және шквал күтіледі. Жел 25 м/с дейін күшейеді. Петропавл қаласында да күн күркіреп, жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы +35°С болады. Өрт қаупі аймақтың солтүстік бөлігінде жоғары.

Қостанай облысының кейбір аймақтарында найзағай мен бұршақ болады. Оңтүстігінде күндіз +37°С қатты ыстық күтіледі. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық болады – ауа температурасы +42°С дейін жетеді.

Павлодар облысында да күн қатты ысиды, +35°С, ал солтүстік-батыс бөлігінде өрт қаупі шектен тыс жоғары деңгейде қалады.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы +35°С болады. Өрт қаупі облыстың көп бөлігінде жоғары, ал кейбір өңірлерінде шектен тыс жоғары деңгейде.

Ақтөбе облысында түнде және күндіз найзағай, жел 17-22 м/с. Ақтөбе қаласында найзағай күтіледі, облыста өрт қаупі шектен тыс жоғары. Атырау облысында күндіз найзағай, желдің бағыты өзгеріп, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Солтүстік, шығыс және орталықта өрт қаупі шектен тыс жоғары.

Батыс Қазақстан облысында түнде және күндіз найзағай, кей аймақтарда бұршақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оралда найзағай мен бұршақ күтіледі. Өрт қаупі аймақтың көп бөлігінде жоғары, кей бөлігінде – шектен тыс.

Маңғыстау облысында найзағай күтіледі, Ақтауда түнде найзағай болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі өңірдің солтүстік-батысында, орталығында және оңтүстігінде жоғары, ал кей бөліктерінде шектен тыс жоғары деңгейде сақталады.

Алматы, Қонаев қалаларында және Алматы облысында +35…+39°С аптап ыстық күтіледі. Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай болады.

Талдықорған қаласында +35…+37°С аралығында ыстық болады. Өрт қаупі облыс бойынша шектен тыс жоғары деңгейде.

Түркістан облысында аптап ыстық — +40…+43°С. Өрт қаупі бүкіл облыс бойынша шектен тыс жоғары деңгейде сақталады.

Шымкент қаласында +40…+41°С.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз +40°С ыстық болады. Таразда және облыстың басым бөлігінде өрт қаупі шектен тыс жоғары.

Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі. Ауа температурасы +40…+44°С, Қызылорда қаласында +42…+44°С аралығында болады. Өрт қаупі шектен тыс жоғары.

Мамандар тұрғындарға күннен қорғану, көлеңкеде болу, жеткілікті мөлшерде су ішу және ашық далада немесе орманда от жақпау жөнінде ескертеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!