Дубайға жұмыс істеуге кеткен Қазақстан азаматы жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі LIFE09 сайтына сілтеме жасап.
Исламбек Қазбеков 2022 жылдың қыркүйегінде Дубайға жұмысқа кетті. Жыл соңында Исламбек достарына белгісіз адамдардың ұсынысы бойынша Тайландқа барғанын айтты. Ол Таиланд, Лаос, Мьянма елдерімен шектесетін «Алтын үшбұрышта» алданғанын мәлімдеді. 27 желтоқсаннан бастап ол туыстарымен байланысқа шықпаған.
Соңғы хабарламада жоғалған азамат достарына түсініксіз жағдайлар болып жатқанын ескертті.
«Алтын үшбұрышқа» келгенше 10 посттан өттік. Ол жерге келгенде ғана неге тап болғанымды түсіндім. Қасымда бір қазақстандық, екі пәкістандық жігіт және тағы бір адам бар. Алдымен аудармашы, содан кейін сатумен айналысатынымды айтты. Егер саудадан дұрыс ақша таппасақ, ақшаны өзіміз төлейтінімді түсіндірді. Сондай-ақ, ақшаны қайтара алмасақ, ұрып-соғып, “құлдыққа жібереміз” деп қорқытты. Енді оралуға тырысамыз. Егер байланысқа шықпасам, онда жағдай күрделене түсті деген сөз», – делінген жоғалған жігіттің соңғы хабарламасында.
Оның достары Исламбек құлдыққа түскеніне сенімді.
Мемлекеттік органдар ол туралы қандай да бір ақпаратты табу үшін жұмыс істейді. Тәжірибе көрсеткендей, оны қайтару үшін төлем сұралуы мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!