2023 жылдың шілде айының 23-ші жұлдызы Төретамстанциясынан Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының 36 жастағы тұрғыны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін №111 «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығының актісімен тиісті шара қолдану үшін поездан түсірілген. Аталған азамат жол жүру барысында ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде жүрген.

Аталған дерек бойынша Төретам станциясындағы көлік полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі  бойынша қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішіп мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып 05 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда ст. ЖПб

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!