Қазақстанда құқық қорғау органдарына банктердің деректер базасын қолдану мүмкіндігі берілмек. Тиісті заң жобасы қоғам талқысына ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл норма Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасына енген.
«Заңсыз банк операцияларын жедел тергеу шеңберінде құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйесі мен екінші деңгейдегі банктер арасында автоматтандырылған деректер алмасуды ұйымдастыру қажет. Аяқтау мерзімі – 2024 жылдың екінші жартысы», – делінген жобада.
Егер тұжырымдама қабылданса, жауапты орындаушы ретінде Бас прокуратура, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Цифрлық даму министрлігі көрсетілген.
Жоба 26 мамырға дейін қоғам талқысында болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!