Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын мектептер, көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға нысандардың сапасын тұрақты қадағалауды тапсырды.
«Құрылыс алаңдарындағы жұмыстарды күнделікті бақылау қажет. Сапа бірінші кезекте сұралады, талап етіледі. Жоспарланған жұмыс тиянақты іске асып, белгіленген уақытта аяқталуы тиіс», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Сондай-ақ, жиында облыс орталығы мен барлық ауданда салынатын баспана, өзге әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы бағамдалды. Мердігер мекемелерге жұмысты талапқа сай етіп атқару қажеттігі қатаң ескертілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!