Бүгінде Қызылорда өңірі қолға алынған ауқымды абаттандыру мен жаңғырту жұмыстарының қызған шағында. Аймақтың көркеюіне, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бағытталған бірнеше ілкімді істер бірлесе атқарылуда. Соның бір айғағы – Сыр елінің шырайын кіргізіп тұрған саябақтар мен демалыс орындарының қайта жаңғыруы. Жаңа кейіпке еніп, ел игілігіне айналатын нысандар қаланың көркін ғана емес, тұрғындардың өмір сапасын да арттырары сөзсіз.

Тұңғыш Президент саябағындағы серпін

Қала тұрғындарының серуен құрып, тынығатын басты орындарының бірі – Тұңғыш Президент саябағы. 2007 жылы ашылған бұл саябақ бір кездері көз қуантатын, ерекше демалыс орны бол-са да, кейінгі жылдары әбден ескіріп, заман талабына сай келмей қалған-ды. Саябақтың бұрынғы келбеті расы-мен жаңғырту жұмыстарын қажет етіп тұрғаны қала тұрғындарына аян.

Қазіргі таңда 71,66 гектар аумақта ауқымды жаңғырту жұмыстары ба-сталып кетті. Мұнда тұманды фонтан, шолу дөңгелегі, фудкорт, амфитеатр, балаларға арналған ойын және футбол алаңы, скейт парк, спорттық аймақтар, воркаут пен шахмат алаңы, веложол, тематикалық «Холмдар бағы» және тағы басқа да көптеген заманауи нысан бой көтереді.

Халыққа қызмет ететін, отбасылық демалысты тиімді ұйымдастыратын мұндай орындар әр қалада болуға тиіс. Тек жаңғыртып қана қоймай, сонымен қатар тазалығын, қауіпсіздігін, ішкі тәртібін де қадағалау – басты міндет.

– Құрылысқа жауапты мердігер мекемелермен ұдайы байланыста бо-луды тағы да ескертемін. Бірінші әрі басты талап – сапа, сосын жұмысты мерзімінде аяқтау керек. Осыған дейін берілген тапсырмалар бақылаудан, күн тәртібінен түспейді, – деді облыс басшы-сы Нұрлыбек Нәлібаев.

Тұңғыш Президент саябағы мен Денсаулық саябағын жалғайтын аралық та жаңғыртылуда. Жаңа жоба аясында саябақтың ішкі келбеті түгел өзгермек. Бұл аумақта 3 аллея, 3 су бұрқақ, 1 амфитеатр, бетон-скейтпарк, 7 балалар ойын алаңы, 4 спорт алаңы, 4 workout аймағы, фудкорттар, аттракциондар, жасанды тоғандар мен көпірлер, биіктікке өрмелеу нысандары және түрлі ойын-сауық алаңы болады деп күтілуде. Ауыз су мен кәріз жүйелері тартылып, көгалдандыру жұмыстары қатар жүргізіледі. Бұрынғы ескірген парк – енді жаңа заман тынысын сезінетін нағыз демалыс аймағы болмақ.

Жанданған жаңа парк

Сондай-ақ Қызылорда қалалық мәдени және демалыс паркі де қайта жаңғыртудан өтуде. Бұл жұмыс 2024 жылдың қараша айында басталып, мамыр айында пайдалануға берілмек. Заманауи жарықтандыру жүйесі, көлеңкелі шатыр-лар, жайлы орындықтар мен балаларға арналған ойын алаңдары орнатылып жа-тыр. Субұрқақтар іске қосылып, жасыл желектер көбейтілуде. «Bi Global» ком-паниясы субұрқақтар мен жарық шам-дарын монтаждау жұмыстарын аяқтауға жақын. Жоба жаз айларының бірінде толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жаңа демалыс орындарының бірі – Арайпарк комплексі де жақында ел игілігіне ұсынылмақ. Мұнда түрлі аттракциондар орнатылып, 10 мамырда салта-натты ашылу рәсімі өтеді деп күтілуде. Бұл – тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізіп, отбасымен серуендеуіне таптырмас орын болары анық.

Сүйікті қалам – Қызылорда!

Тек демалыс орындары ғана емес, қала аумағында жасыл желектерді сақтау мен көгалдандыру шаралары да жүйелі түрде жүргізілуде. Әсіресе Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы ағаштар тамшылатып суару жүйесіне қосылып, ылғал тікелей түбіне жеткізіліп отыр. Бұл – өсімдіктердің сау әрі жасыл күйінде өсуіне сеп бо-лады. Сонымен қатар зиянкестерге қарсы дезинфекциялау жұмыстары да қаперден тыс қалмай, ағаштардың өмірін ұзартуға мүмкіндік беруде.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамта ма сыз ету мақсатында қала көшелеріндегі жол таңбалары да жаңартылып, жаңа реңкке ие болуда. Бұл жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмей, жүйелі түрде кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Сондай-ақ Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының қайта жаңғырту жұмыстары да назардан тыс қалмады. Жоба аясында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті нығайтылып, жолдың 6,7 ша-қы рымы қайта салынуда. Одан бөлек, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Шіркейлі», «Жаңадария», «Сыздық» канал дарын дағы көпірлерді қалпына келтіру жұмыс тарын тексерді. Әр көпірде құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіп, мердігер компаниялар құрылыс сапасын басты назарда ұстауда.

Сәні келіскен Сыр елі

Халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту мақсатында кірпіші қаланбақ бірнеше нысанның да іргетасы қаланып, бүгінде құрылыс жұмыстары қызу үстінде. Мәселен, Қызылорда қаласындағы жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды. Түркиялық «Акса Энер-джи» компаниясы жобаның негізгі инвесторы болып, 215 миллиард теңге бағыттады. Негізгі қондырғыларды орнату жұмыстары жалғасуда, ал жылу-электр орталығын осы жылдың төртінші тоқсанында іске қосу жоспарланған.

«Bi Global» серіктестігі қолға алған шығармашылық-инновациялық орталықта абаттандыру, ішкі әрлеу және витраж орнату жұмыстары жалғасуда. Болашақта бұл орталық балалар мен жастарға спорттық, ғылыми және шығармашылық бағытта қызмет көрсетеді.

Одан бөлек, аймақта жылына 90 миллион дана кірпіш өндіретін заманауи кірпіш зауытының құрылысы қарқынды түрде жалғасуда. Жобаның жалпы құны 2,5 миллиард теңгені құрайды, болашақта ол аймақтың құрылыс саласын дамытуға серпін береді деп күтіледі.

Ал қолданысқа берілген жаңа құрылыс нысандары бүгінде жұртшылықтың игілігіне қызмет етіп келеді. Мәселен, Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы – аймақтың көкке қадам басар қақпасы. «Болат Өтемұратов қоры» салған инвестиция арқасында әуежай заманауи талаптарға сай жаңартылған еді.

Сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі күні Қызылорда қаласында жаңа «Достық үйінің» іргетасы қаланды. Жобаны «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы қолдап, 3 миллиард 800 миллион теңге қаржы бөлді. Заманауи ғимарат этномәдени бірлестіктер мен ассамблея белсенділерінің жұмысын үйлестіруге арналған, аймақтағы ынтымақ пен достықты нығайтуды мақсат етеді.

Қала көркі – көз қуанышы. Көзбен көріп, көңілмен қуану – әр тұрғынның бақыты. Қай істің де берекесі болса – ел қуанады. Қызылорда өңірінде жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар соның дәлелі.

Нұршат НЫШАНОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!