Қытайлық компания тағы бір күн электр станциясын Шиелі ауданында салып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.  

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне сүйенсек, жобаның қуаттылығы – 40 МВт, жоба құны – 11,5 млрд теңге. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде бұл мақсатқа 80 гектар жер берілген. 

– Жоба бастамашысының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта құрылыс жұмысының 80%-ы аяқталған. Станцияны тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр. Сол кезде жергілікті тұрғындар үшін 20 жаңа жұмыс орнын ашылмақ», – делінген хабарламада. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!