Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесімен қала аумағындағы салынып жатқан 15 тұрғын үйге заңсыз кіріп, құрылыс заттар мен құрал саймандарды жасырын жымқырған Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталды.


Орын алған дерекке қатысты Қызылорда қаласының Полиция басқармасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2,3)- тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталған.
Тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізу барысында жәбірленушілерге келтірілген шығындар толық көлемде өтеліп, қылмыстық іс сотқа жолданған.


Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, біреуіне – 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және екіншісіне – 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!