Қала әкімінің 2022 жылғы 2 тамыздағы өкімімен мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы лауазымына Бохаев Дінмұхамед Омарұлы тағайындалды.
Дінмұхамед Омарұлы 1986 жылы Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.2009 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2008 жылы «Скиф Трейд» ЖШС-де қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде бастаған.2010-2011 ж.ж. «ҚуатАмлон Мұнай» БК ЖШС-де ағаш шебері;2011-2013 ж.ж. «Арал аудандық емханасы» КММ-нің заңгері;2013-2016 ж.ж. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының заңгері, штаттан тыс бас инспекторы;2016-2018 ж.ж. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының Әкімшілік жұмыстар және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;2018-2021 ж.ж. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ Заң басқармасының бас менеджері;2021-2022 ж.ж. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ Тұрақтандыру қорының жұмысы жөніндегі басқарма басшысы қызметін атқарды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!