Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының бұйрығымен Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары лауазымына Қайрат Ережепұлы Тыйнов тағайындалды.

Қайрат Ережепұлы еңбек жолын 2001 жылы «Фитосанитария» РМК Қызылорда филиалында маман болып бастаған. 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жалағаш аудандық аумақтық басқармасының басқарма бастығының орынбасары.

2007-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.2018 жылдан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымын абыроймен атқарған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!