Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы басшысының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 21 жқ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қармақшы аудандық аумақтық инспекция басшысы лауазымына Сәндібеков Тауекел Қайырбекұлы тағайындалды.
Тауекел Қайырбекұлы – 1995 жылы 25 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.Білімі жоғары, 2016 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Агрономия» мамандығы бойынша, 2020 жылы Қызылорда қаласындағы Болашақ университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016-2017 жылдары «Ы. Жахаев атындағы ҒЗИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кіші ғылыми қызметкер қызметін атқарып бастаған.2017 жылдың қаңтар айынан бастап қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясында бас маман-өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспектор қызметін атқарды.2017 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясында бас маман-өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі инспектор лауазымын абыроймен атқарып келді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!