Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы болып Наурызбай Байқадамов сайланды

Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы сайланды

Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы – 1967 жылы 10 шілдеде Қызылорда облысы, Ж. Махамбетов ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Тарих және француз тілі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Амангелді атындағы №139 мектеп мұғалімі болып бастаған.

1994-2004 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасында ізденуші-оқытушы, оқытушы, аға оқытушы, кафедраның меңгерушісі, 2003-2006 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы колледж директоры болды.

2007 жылы маусым-қараша аралығында «Nur Otan» ХДП Қызылорда облысының филиалы төрағасының орынбасары, 2008-2013 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, 2013-2015 жылдары Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2016-2019, 2021 жылдың қаңтарынан Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы.

2019-2021 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылдығ 30 желтоқсанынан бастап «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы.

Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!