Қызылорда облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Бұл туралы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады.

«2022-2024 жылдары облыс экономикасына 1 трлн. 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Биылға 631 млрд. 400 млн. теңге жоспарланған. Бүгінде жаңа жобаларды іске қосу арқылы инвестиция 750 млрд. теңгеден асып, жоспар артығымен орындалды.

2021 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 233 пайыз артса, жеке инвестиция үлесі 70 пайыз.

Қызылорда облысына биыл 750 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады

Экономиканы әртараптандыруда алдағы жылдары 2,8 трлн теңгенің 98 инвестициялық жобасы жоспарланған. Бұл 12 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Биыл 300 млрд. теңгеден астам қаржыға 27 инвестициялық жоба іске қосылды.

Шілде айында 5 млрд. теңгеге «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің толық автоматтандырылған кірпіш зауыты ашылды. Зауыт жылына 90 млн. кірпіш шығарып, жергілікті құрылысқа қажетті сұраныстың 90 пайызын қамтамасыз етеді.

Қызылорда облысына биыл 750 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады

«Қызылорда нан» серіктестігінің нан өндіру кешені іске қосылды. Кешеннің жалпы құны 5 млрд. 600 млн. теңге болатын нан-тоқаш, кондитерлік-макарон өнімдерін (жалпы қуаттылығы 7,8 мың тонна) шығаратын 4 цехы жұмыс жасауда.

Бұдан бөлек, 753 млрд. 300 млн. теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталуда. Оларды атап өтсек, 414 млрд. 700 млн. теңгеге «Шалқия» кен-байыту фабрикасы, 161 млрд. 400 млн. теңгеге кальцийленген сода зауыты, 60 млрд. теңгеге «Seven Rivers Technologies» компаниясының бөтелке шығаратын зауыты, 37 млрд. 800 млн. теңгеге оңтүстік кореялық «With you e&c Qyzylorda» компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтар өңдеу зауыты.

«Табиғи тас Қызылорда» серіктестігінің 17 млрд.

Қызылорда облысына биыл 750 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады

300 млн. теңге қаржы салынған, қуаттылығы жылына 1 млн. 100 мың тонна әк шығаратын зауыты келесі жылы іске қосылады (92 жұмыс орны құрылады).

Өткен аптада ғана испандық «Roca Group» компаниясымен жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын жоғары технологиялық зауыт салу жөнінде инвестициялық келісімге қол қойылды. Елімізде салынатын алғашқы зауыттың құны 44 млрд. теңге, 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Жоба 2027 жылы іске қосылады.

Қызылорда облысына биыл 750 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады

Өңірде аграрлық-индустриялық кластер құру мақсатында 51 млрд. теңгеге швейцариялық «Harvest agro» компаниясының техникалық қарасора, жүгері мен соя өсіретін, қайта өңдейтін зауытының және 40 млрд. теңгеге жүгері дақылын терең өңдейтін крахмал-сірне зауытының құрылысы басталды.

Үкімет қаулысымен мамыр айында Қызылорда қаласында аумағы 550 гектар «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылды.

Аймаққа өндірістік нысандарды орналастыру мақсатында отандық, шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Бұл жерде өңіріміздің өнеркәсіптік- логистикалық әлеуетіне сәйкес келетін экономикалық қызметтің 18 түрі іске асады. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары басталуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!