Фото: Aikyn.kz.
Қызылорда облысында алаяқтықпен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Олар биыл шілде айында жәбірленушіден 8 миллион теңге ақшаны алдап алған.
Күдіктілер жәбірленушіге Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жауаптылықтан босату туралы уәде берген.
«Бұл бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы, 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызылорда қалалық мамандандырылған соты ерлі-зайыптыны 2 ай мерзімге қамауға санкция берді. Тергеу жүріп жатыр», – деп мәлім етті департаменттен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!