Биыл Қызылорда облысында 63 мың гектар бос жатқан жер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мұндай алқаптар мемлекет меншігіне қайтарылады. Қазірдің өзінде пайдаланусыз жатқан 160 жер учаскесіне осындай жұмыстар жүргізілді.

Олардың жалпы аумағы 45 мың гектарға жуық. Мұндай іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасады. Айта кетерлігі, өңірде елді мекендерге жақын аумақта жайылымдық жер тапшы.

Мамандар мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер қайта айналымға енгізілетінін айтады. «Бұл бағытта электронды цифрлық геопортал жүйесі арқылы жұмыстар жүргізіледі. Нәтижесінде сол бойынша мемлекет меншігіне қайтару жүзеге асады. Облыста 5637 шаруа қожалыққа 2 мың 905 гектардан аса жер учаскесі табысталды», – деп мәлім етті облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасынан.

Еске салсақ, биыл Қызылордада су тапшылығынан күріштің едәуір бөлігіне су жетпей қалу қаупі бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!