Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті
КAZINFORM – Жаңа жыл мерекесі кезінде Қызылорда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жұмысты күшейтіп, патрульдік жасақтар саны көбейді.
Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, олар негізінен халық көп жиналатын жерлерді, ойын-сауық орындарын ерекше бақылады.
-2025 жылдың 31 желтоқсанында 102 нөміріне 58 қоңырау келіп түсіп, облыс көлемінде 93 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Спирт ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің 28, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруінің 14 дерегі анықталды. Мас күйде көлік басқару, көлік құралын басқару құқығынан айырылған күйде руль тізгіндеу фактілері анықталған жоқ, – делінген хабарламада.
Бұл түні қызметке департаменттің 1000-нан астам қызметкері тартылды. Қызылордалық полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етті. Әзірге қандай да бір оқыс оқиғалар тіркелген жоқ. Облыс халқының қауіпсіздігін қатаң қадағалау жаңа жылдық демалыс күндері тағы жалғасады.
Айта кетейік, 2025 жылғы 31 желтоқсаннан 2026 жылғы 1 қаңтарға қараған түні Абай облысында 2 мыңнан аса полицей мерекелік іс-шаралар барысында қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!