«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің қала, ауыл, елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тазалық шараларына 80 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Көпшілік біркісідей атсалысқан тазалық жұмыстарынан кейін 3 300 тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері мен көшелердің бойы тазартылды. Оған 600-ден астам техника жұмылдырылды. Бүгінде облыс аумағына 9560 түп тал отырғызылды.

Алдағы уақытта да жұмыс ауқымы кеңейе бермек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!