Қызылорда облысында ауыл тұрғынынан 8 келіден астам есірткі мен тіркелмеген екі қару анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері рейдтік жұмыстар жүргізуде. 8 қазан күні полиция қызметкерлері 42 жастағы тұрғынның үйін тексеру барысында алюминий флягасына салынған ерекше иісі бар шөп және ішкі істер органдарында тіркелмеген екі қару анықталды.Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат жалпы салмағы 8 кг 493 грамм кептірілген марихуана екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!